2024-07-27 07:35:58
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Кітапханашылар Шәмші күнін атап өтті

Түркістан: Кітапханашылар Шәмші күнін атап өтті

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай бірқатар шара ұйымдастырды.

Алдымен кітапхана алаңында «Шырқалады Шәмші әндері Фарабта» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында қонақтар мен қала тұрғындары композитордың әуеніне жазылған әндерді орындап, кейіпкердің өмірі мен өнерінен сыр шертер бейнеролик тамашалады. Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының көркемсөз сыныбының тәрбиеленушілері Шәмшінің «Ана туралы жыр» әнін орындап, жиналған көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сонымен қатар «Кел, Шырқайық» караоке сағаты ұйымдастырылды. Жиналған көпшілік Шәмші әндерін әуелете шырқады.

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай ұйымдастырылған шара «Шәмшінің ізімен» айдарымен жалғасты. Кітапхана ұжымы Отырар ауданы, Шәмші ауылындағы «Шәмші Қалдаяқов музей үйіне» саяхат жасады. Мұражайда композитордың қолданған жеке заттары мен кітаптары, сонымен қатар түрлі құнды дүниелер қойылған.

Күн соңында кітапханашылар қала тұрғындары мен қонақтарына «Библиопикник» жобасы аясында көңілді кеш ұйымдастырды. Кітапхана алаңында арнайы кітап көрмесі жасақталып, Шәмші әндері шырқалды.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР