Кентау қаласының Ынтымақ алаңында Сауран ауданының мәдени күндері өтті. Салтанатты шараны Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова ашып берді.
Шара барысында «Ұлт құндылықтары: Тарих пен салт-дәстүр сабақтастығының мәдениетпен байланысы» тақырыбында тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиын мақсаты – мәдениет саласындағы мекемелердің өзара байланысын нығайту, алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлау, тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық орнату арқылы тарихымызды, тілімізді, мәдени құндылықтарымыз бен мәдени іс-шараларды кеңінен насихаттауға шаралар қабылдау.
Мәдениет күндері кешкісін Ынтымақ алаңында Сауран аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының гала-концертімен қорытындыланды.