2024-07-27 11:21:34
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Кентауда қолөнер шеберлері байқауы өтті

Түркістан: Кентауда қолөнер шеберлері байқауы өтті

Кентау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау, қазақ халқының рухани-тарихи тамыры және әдет-ғұрып пен салт-дәстүрдің негізі саналатын қолөнерді насихаттау, дарынды адамдарға қолдау көрсету мақсатында «Кентау – өнерлі аймақ» қалалық қолөнер шеберлері байқауы өтті.

Жалпы Кентау қаласынан 8 үміткер қатысып, өз жұмыстарын қорғап шықты. Байқау нәтижесінде Гүльмира Мәмбетова I орын, Арайлым Ермекбай және Бақыт Төреханов II орын, Фариха Мырзабекова, Болат Исабеков, Рано Худайбергенова III орын иеленді. Ал Фарида Нұрманова, Бақыткүл Назарбекова қатысқаны үшін марапатталды. Жеңімпаз шеберлерге арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ерте кезден дана халқымыз түрлі бұйымдар дайындап, қолөнер саласын бүгінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Қазіргі таңда бұл өнер түрі мәдениеттің бір бөлігі ретінде қайта жанданды. Әсіресе Түркістан өңірінде қарқынды дамып келеді.

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР