2024-07-27 08:28:09
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Кентауда алғаш рет республикалық ақындар айтысы өтті

Түркістан: Кентауда алғаш рет республикалық ақындар айтысы өтті

Кентау қаласында Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Қала күні» мерекесіне және «Кентау шұғыласы» газетінің 90 жылдығына арналған «Кентауым – мәуелі  гүл бағым» атты Республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтыссүйер қауымның басы қосылған жыр додасында елімізге танымал ақындар сынға түсіп, қаланың кешегісі мен бүгінін жырға қосты. Сондай-ақ, руханият пен мәдениет жайы сөз болды. Жүйріктердің өнерін тамашалаған кентаулықтар шабыттана қол соғып, ерекше қолдау білдірді.

Ақындар айтысында  Әбдіхалық Әбдіраймов, Әбжет Бақыт, Маржан Есжанова және Ләззат Сарыбаевалар қазылық етті. Он ақын қатысқан айтыста бас жүлде — Бекарыс Шойбековке бұйырса, 1-орынды Қару Нұрзат, 2-орынды Шұғайып Сезімхан мен Біржан Байтуов алды. Ал 3-орынды Орал Карима мен Оразымбет Бөрібай иеленді. Мұхтар Ниязов «Қаныбек Сарыбаев» атындағы, Сырым Әуезхан «Әселхан Қалыбекова» атындағы, Нұрлыбек Мейірманов «Тәушен Абуова» атындағы, Мұхамедқан Сіламхан Кентау қаласы әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР