2024-07-27 05:32:09
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Кентау кітапханасында өлең мен жырға арналған кеш өтті

Түркістан: Кентау кітапханасында өлең мен жырға арналған кеш өтті

Түркістан облысы, Кентау қаласының орталық кітапханасында «Кенді қала – Кентауым» атты өлең-жырлар кеші өтті. Тағылымға толы рухани кеште кітапхана  оқырмандары Кентау жайлы жазылған өлең-жырларды жатқа айтып шықты.

Кешке жырға жанын бөлеген 14 оқушы қатысып, «Қаратау тәжі» атанған кенді қала  жайлы жазған ақын жазушылар мен жергілікті қаламгерлердің өлеңдерін оқыды.

Шара барысында Кентау қалалық орталық кітапханасында 2018 жылы қалаға еңбегі сіңген азаматтарға арналған «Рухани жаңғыру»  орталығымен танысты.

Өлең-жырларды жатқа айту Кентау қаласының 68 жылдық мерейтойына арналған болатын. Рухани жиында қатысушылардың барлығы да құрметке бөленіп, марапаттар табысталды.

Түркістан облысы мәдениет және
туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР