2024-07-27 08:01:46
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Келестік термеші республикалық байқауда үздік атанды

Түркістан: Келестік термеші республикалық байқауда үздік атанды

Ұлттық дәстүрлі өнерді ұлықтау мақсатында Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Республикалық «Ұлы дала шежіресі» атты термешілер байқауы өтті. Айтулы жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 17 мен 35 жас аралығындағы кілең жүйріктер қатысты.

Жыр додасына эпик жыршы, фольклортанушы ғалым Берік Жүсіпов, дәстүрлі әнші ҚР Мәдениет қайраткерлері Нұржан Жанпейісов, Жанар Айжанова, «Музарт» тобының әншісі Мейрамбек Беспаев және айтулы ақын Қалқаман Сарин мен дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменовтың шәкірті Кежебай Шал, ғалым ұстаз Жақып Спатаев қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен республикалық байқаудың бас жүлдесі Түркістан облысы, Келес ауданының тумасы Нұртуған Абылайұлына бұйырды.

Абылайұлы Нұртуған 2006 жылы қаңтар айының 12 ші жұлдызында Келес ауданының  Ұшқын ауылында дүниеге келген. Сахнаға алғаш рет 8 жасында шықты. Сарыағаш ауданында өткен «Әке мен бала»  атты байқауында бас жүлдеге ие болған. Абай ауылдық саз мектебіндегі домбыра сыныбында 5 жыл білім алып, аяқтады.   Бірнеше аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері. Қазіргі таңда Шымкент саз колледжнің дәстүрлі ән факультетінің 3 курс студенті. Алғашқы ұстазы асқар тау әкесі жыр-термені үйреткен жыршы Абылай Бөріханов. Содан соң бірнеше шәкірт тәрбиелеп жүрген Ербол Қалмырзаевтан дәріс алуда.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР