2024-03-29 04:49:13
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Келестік әзіл-сықақ театры республикалық байқауда бас жүлдені иеленді

Түркістан: Келестік әзіл-сықақ театры республикалық байқауда бас жүлдені иеленді

Тобыл өңірінде қазақы қалжыңның хас шебері, «Қыр елінің Крыловы» атанған, сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар байқау-фестивалі өтті.

Аталған байқауға еліміздің 7 облысынан барлығы 12 ұжым қатысып, төрешілердің шешімімен Түркістан облысының атынан қатысқан Келес ауданындағы «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театры бас жүлдені жеңіп алды.

Өнер додасына Қостанай, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар облыстарынан келген сатира әзілкештері қатысты.

Әзіл-сықақ театрларының байқау-фестиваліне төрелік еткендер қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ТТТ» театрының директоры, «Тамаша» ойын-сауық театрының белгілі актеры, кино актеры Асылбек Боранбаев, жазушы-сатирик, ҚР мәдениет қайраткері, «Екі езу» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Абылай Маудан және белгілі ұстаз-ғалымдар, өнер саңлақтары болды.

Еске сала кетсек, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен және Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұйымдастыруымен аталмыш шара осымен төртінші мәрте өтті.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР