2025-02-15 18:49:41
-0.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Келесте балаларға арналған кинокөрсетілім өтті

Түркістан: Келесте балаларға арналған кинокөрсетілім өттіТүркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы, «Оңтүстікфильм» мекемесінің жоспарына сәйкес Келес аудандық мәдениет үйінде балаларға арналған кинокөрсетілім өтті.

«Көшпелі кинотеатр» және «Ұлттық кино» жобасы аясында отандық көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатында өткізілген шара барысында «Оңтүстікфильм» мекемесінің директор орынбасары Назгүл Қасенова сөз сөйлеп, аталған жобаның мақсатына тоқталды.

– «Көшпелі кинотеатр» және «Ұлттық кино» жобаларының негізгі мақсаты өңірімізде дүниеге келген ұлы тұлғаларымыз бен қасиетті мекеніміздегі айрықша жерлерді, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған. Әсіресе ауылдық елді мекендердегі жергілікті тұрғындарды мәдениет ошақтарына тартуға басымдылық берілу көзделуде. Осыған орай анимациялық фильмдер кинокөрсетілімін Түркістан облысының аудандары мен ауылдық жерлерінен бөлек, көршілес Шымкент қаласы мен Қызылорда және Жамбыл облысында кеңінен насихаттауда, –  деді Назгүл Қайымқызы.

Аталған шараға 450 мектеп оқушысы қатысты. Оларға мекеме қорына жаңадан толыққан «Айбынды аула», «Тас батыр», сонымен қатар «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмі ұсынылды. Айта кетейік, жылдық жоспарға сәйкес  кинокөрсетілім апталығы жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР