2024-05-17 08:07:56
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Газеттің мерейтойында ұлттық құндылықтар дәріптелді

Түркістан: Газеттің мерейтойында ұлттық құндылықтар дәріптелді

Сарыағаш қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдығы және 28-маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан орталығындағы Жеңіс саябағында «Сарыағаш газеті» жүлдесі үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушылар асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күресі, гір тасын көтеру сынды ұлттық ойын түрлерінен додаға түсті.

Аталған жарысқа аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, келген көпшілікті мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жас ұрпаққа алдыңғы аға буын өкілдерінің өнегелі жолын үлгі етіп, ұлттық ойын түрлерін дәріптеу мақсатында өткізілген шарада аудан жастары белсенді қатысып, ойындар тартысты өтті.

Түркістан облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР