2024-07-27 08:45:36
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: «Фараб» кітапханасында белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлымен кездесу өтті

Түркістан: «Фараб» кітапханасында белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлымен кездесу өтті

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістандағы облыстық «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында белгілі спорт журналисі, жазушы, спорт шебері,  жоғары ұлттық дәрежедегі төреші, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбайұлымен «Ғаламды шарлаған қалам» атты еркін форматта шығармашылық кеш өтті.

Кездесу барысында Несіп Жүнісбайұлы  қазақ спорты, спорт журналистикасының мәселелері туралы келелі ойлар қозғады.  Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының сайыпқыран спортшылары, спортта аты көпке мәлім аңыз адамдар, «Намыс» ұлттық футбол клубын құру тарихы жайлы қайталанбас естеліктерімен бөлісті. Сидней Олимпиадасының чемпионы  Бекзат Саттарханов туралы естелік айтып,  ерекше толқыды. Олимпиада ойындарындағы қызықты сәттер туралы ой қозғады. Сонымен бірге Түркістанның тарихтағы маңызына тоқталып, шежірелі шаһардағы оң өзгерістерді жоғары бағалады.

Шара соңында Несіп Жүнісбайұлы кітапхана қорына өз қолтаңбасымен «Бас иемін» және «Ережесіз белдесу» атты кітаптарын сыйға тартты. Оқырманмен емен-жарқын кездесу өткізгені үшін кітапхана басшысы Жанат Шардарбекова мен кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді.

Кеш иесіне кітапхана тарапынан «Түркістан» ақпараттық кітабы мен Ахмет Ясауидің мөрі басылған кәдесый тарту етілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР