Түркістанда бастау алған Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының ашық біріншілігі жалғасып жатыр.
Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан шарада 26 команда бақ сынап жатыр. XIII турдан тұратын жарыстың IV ші туры Жеңіс саябағында орналасқан ашық алаңда және V туры Отбасы саябағында ашық алаңда өтті.
Жарыстың бесінші аптасының қорытындысы бойынша Сауран секторы тұрғындарынан құралған «Қыран» командасы мен Отырар тұрғын алабының «Отырар» командасы алда келеді.
Еске сала кетсек, біріншілік тамыз айына дейін жалғасады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі