2024-02-21 05:27:09
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: бәйдібек ауданында 100 мың кітап қоры бар кітапхана ашылды

Түркістан: бәйдібек ауданында 100 мың кітап қоры бар кітапхана ашылды

Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхана ашылды. Екі қабатты, зәулім ғимаратта оқырманға бар жағдай жасалған. Кітапханаға келушілер бос уақытын тиімді өткізіп, білімін жетілдіре алады. Бұл жерде кітап оқумен қатар, пікірталастар, тұлғалармен кездесу өткізіп тұруға болады. Мәдениет ошағының ашылуына келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа кітапханаға сиясы кеппеген бірнеше туынды тарту етті.

— Кітап – рухани азық болатын адамның бірден-бір серігі екені айтпаса да белгілі. Қашанда ой-өрісіңді, сана-сезіміңді дамыту үшін кітаптың рөлі адам өмірінде ерекше. Өкінішке орай, қазіргі кезде кітапқа деген қызығушылық азайып келеді. Кітап орын шет тілінлегі басылымдармен де толықтыру керек. Ауылдағы жағдай қаладан кем болмауы керек. Жас ұрпақты, балаларымызды кітап оқуды жақсы әдетке айналдырудағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, — деді Дархан Сатыбалды.

Аудандық кітапхананың белсенді оқырмандары ауыл игілігіне айналған жаңа үлгідегі кітапхана жұмысына табыс тілей отырып, жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған кітапхана оқырмандарының көбейе беруіне тілектестігін білдірді.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылған кітапхана аудандық мәдениет үйінің ғимаратында отырған орталық кітапхана көшіп келді. Жалпы, Бәйдібек ауданында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, біреуі аудандық орталық кітапхана және бір балалар кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры 200 мыңнан асады.

Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Шаян елді мекенінде салынып жатқан білім ұясының құрлыс алаңында болды.  Құны 300 млн. теңгеге 300 орындық «Зейін school» жеке меншік мектеп қыркүйек айында пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында Шаян ауылынан 300 орындық жаңадан 1 мектептің құрылысы басталып жатыр. Бұл мектеп келер жылы пайдалануға беріледі.

Биыл оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасау үшін 190 млн. теңгеге 24 жаңа модификациялық кабинеттер алып беруге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Н.Арапов пен О.Тайманов  мектептерінің жылу жүйелеріне және Жамбыл мектебінің ғимараты мен ауласына 148 млн. теңге қаралып, мектептер жөндеуден өтті.

Бәйдібек ауданда 22 мектепке дейінгі ұйымдар және 50 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 3 мыңға жуық бала қамтылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР