2024-06-22 01:06:33
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Арыста жаңа мәдениет үйі ашылды

Түркістан: Арыста жаңа мәдениет үйі ашылды

Арыс қаласына қарасты Жиделі ауылында жаңа мәдениет үйі мен кітапхана комплексінің ашылу салтанаты өтті.

Жаңа нысанның ашылуына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Гүлжан Құрманбекова ауыл тұрғындарын заман талабына сай бой көтерген мәдениет үйінің ашылуымен құттықтады. Қала басшысы көптен күткен рухани орыннан болашақта әлемге танымал өнерпаздар шыға берсін деген тілегін білдірді. Одан кейін, жаңа ғимаратты аралап көріп, оның жоспарлы жұмысымен танысты.

Мәдениет үйінің салтанатты ашылу рәсімі өнерпаздардың әнімен әрленді. Ауыл ақсақалдары батасын беріп, құшағынан аналық мейірім аңқыған әжелер мәз-мейрам болып, шашу шашты. Олар  қала басшылығына алғыстарын айтып, мерекелік даталарды атап өтетін, ән тыңдап жан сергітер шаңырақтың ашылғанына бек қуанышты екендерін жеткізді.

«Жаңа Мәдениет үйі ауылымыздың жалынды, өнерлі жастары үшін керемет тарту. Өтінішімізді елеп, еңселі нысанның бой көтеруіне атсалысқан баршаға ризашылығымызды білдіреміз», дейді ауыл ақсақалы Сабырхан Беков.

Айта кетейік, өнерге қанат қаққан ауыл жастарының талабын шыңдап, түрлі мерекелерде халыққа рухани азық сыйлау мақсатында жаңадан бой көтерген мәдениет ошағы 2 қабаттан тұрады. Аумағы 734,35 шаршы метрді құрайды.

Мұнда барлық жағдай жасалған, жылу, су жүйесі орталықтандырылған. Көрермен залы, хореография бөлімі, түрлі үйірме класстары мен гардероб, қызметкерлер кабинеттері бар.  Ал екінші қабатында кітапхана орналасқан. Мұнда оқу залы, компютерлік бөлме, демалыс залдары мен қызметкерлер кабинеттері барлық керекті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Айта кетсек, ғимараттың құрылысы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында былтыр мамырда басталып, қазіргі уақытта жұмыстар толығымен аяқталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР