2024-07-27 09:00:53
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: Арыс қаласының мәдени күндері өз мәресіне жетті

Түркістан: Арыс қаласының мәдени күндері өз мәресіне жетті

Бүгін «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Арыс қаласының үш күнге жоспарланған мәдениет күндері қорытындыланды.

Шараның соңғы күні Этноауыл аумағында Арыс қаласының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар асық ату, ләңгі тебу, гір көтеру, қол күресі және садақ ату сынды спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Этноауыл аумағына келген туристер аталмыш шараны тамашалап қана қоймай, түрлі сайыстарға да қатысып, бақ сынады.

Арыс қаласы көшінің шымылдығы 21 шілде күні Этноауыл аумағында қолөнер шеберлері туындыларының көрмесі мен салт-дәстүрлер көрінісімен басталған болатын. Шараның екінші күні облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап Travel-2023» акциясы аясында Арыс қалалық кітапханасы көрмесі жасақталып, «Visit Turkistan» орталығы алаңында арыстық өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концертпен жалғасты. Мәдени кеште көне Яссы қаласының көрінісі сахналанып, Арыс қаласынан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен күмбірлеген күй және мың бұралған биі қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлаған болатын.

Айта кетейік, сәуір айында басталған фестиваль мақсаты – ұлттық мәдениет пен өнерімізді дамыту, Түркістанның туристік әлеуетін дамыту болып саналады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР