2024-07-27 08:02:22
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Түркістан: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Түркістан: «Ақ дидарлы әжелер» қыз-келіншектерге салт-дәстүрді дәріптеді

Қазақы қаймағы бұзылмаған Жетісай ауданында аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құралған Әжелер алқасына 10 жыл толуына орай «Ақ дидарлы әжелер» атты байқаудың қорытынды шарасы өтті.

Өскелең ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылған тағылымы мол шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбет пен әжелер алқасының төрайымы Айжамал Қоңырбаева, аудан тұрғындары қатысты.

«Сіздердің бүгінгі өткізіп отырған шараларыңыздың қызғалдақтай қыздарымыз бен иба сақтаған жас келіндерімізге, перзенттерімізге үлкен тәрбие берері сөзсіз. Сіздер ұмыт болып, қолданыстан шығып бара жатқан салт-дәстұрлеріміз бен жөн-жоралғыларымызды қайта жандандырып, жас ұрпақты қайта қауыштырып отырсыздар. Ол үшін сіздерге, ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз» деген аудан әкімі байқауда ерекше қабілетімен көзге түскен әжелерді түрлі номинациялармен марапаттады.

10 жылдық аясында ұйымдастырылған байқау барысында қатысушылардың ұлттық тәрбие, рухани құндылық, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр, ене мен келін арасындағы сыйластық, бала тәрбиесі, қолөнер секілді негізгі бағыттарға баса назар аударылған. Жеңімпаздарды анықтау да осы критерийлердің толық қамтылуымен жүргізілген.

«Жеңімпаз атанғысы келген әрбір қатысушы қазақы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бойынша білімдерімен бөлісіп, пайым-парасат иесі екендіктерін көрсетті. Бірі әуелете ән салса, енді бірі ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздан және жөн-жоралғылардан көріністер қойды. Балаға берілетін ең алғашқы тәрбие – құлақ құрышын қандырар бесік жырын айтып, өз ұрпағының бақытты ғұмыр кешуін, бар жақсылықты бойына сіңіріп өсуін тіледі», — деді әділ қазылар алқасының мүшесі Гүлжан Серікқызы.

Байқау қорытындысымен жүлделі ІІІ орынды Атамекен, Жылы су, Қазыбек би ауылдық округінің ардагерлер бастауыш ұйымының әжелер алқасы иемденсе, ІІ орын Ж.Ералиев пен Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің әжелеріне бұйырды. Ал, І орынды Қызылқұм ауылдық округінің әжелері иеленсе, Асықата кентінің әжелері бас жүлдеге лайық деп танылып, жеңімпаз атанды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР