2024-03-28 18:46:50
10.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Төрт тоқсан-төрт өнер

Төрт тоқсан-төрт өнер

Түлкібас ауданы Аманкелді  атындағы негізгі орта мектебінде мектеп оқушылары «Төрт тоқсан-төрт өнер»  жобасы аясында, Түркістан қаласына барып   қаланың тарихи жерлері мен демалыс орындарына  барып,көркем жерлеріне саяхаттап  қайтты.

Саяхаттың мақсаты — Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.

Сонымен қатар, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкені зерделеу арқылы туристік-өлкетану қызметін жандандыру.

Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыру, Кіші Отанды зерттеу;

  • республиканың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
  • дәстүрлі сақтау және жетілдіру, туристік-өлкетану жұмысының инновациялық нысандары мен әдістерін танымал ету;
  • өз өлкесінде туризм мен өлкетануды дамыту идеяларын іске асыру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуге және өз бастамасын көрсетуге ынталандыру;
  • туған өлкенің тарихын, оның көрікті жерлерін насихаттау бойынша идеялармен алмасу үшін орта құру.

Білім алушылар Арыстанбаб кесенесі, Ақмешіт, Домалақ ана, Гаухар ана және А. Яссауи бабамыздың кесенесіндегі тарихи сәулет өнері мен  жәдігерлерімен танысты. Бұл саяхаттан Түркістан туралы көп мәлімет ала отырып, туған өлкенің тарихын , оның көрікті жерлерін насихаттау бойынша идеяларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР