2024-07-27 12:16:31
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және 28 маусым — Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Таңғажайып Түркістан» атты байқау ұйымдастырылған болатын.

Байқау Түркістан облысының тарихи-мәдени ескерткіштерін, туристік нысандары мен өлкенің көрнекі жерлерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттау мақсатында өтті.

Байқау нәтижесіне сәйкес, «Таңғажайып Түркістан» байқауында «Қызмет» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Сейдалы Дүйсебайұлы бас жүлдені жеңіп алып, 350 000 теңгеге ие болды. Жүлделі І орынды 300 000 теңгелік сыйақымен «Shyndyq.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Айгерім Айтаханова жеңіп алды. ІІ орынды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің маманы Қайрат Кәрібаев жеңіп алып, 250 000 теңгеге ие болды. Сонымен қатар ІІІ орынды 150 000 теңгелік сыйақымен журналист Әсел Әбілбекова иеленді.

Бұдан бөлек, ынталандыру үшін 50 000 теңгелік сыйақыға «Түркістан» газетінің жарнама бөлімінің меңгерушісі Ләззат Сарыбаева, «Turkistan Media Holding» ЖШС маманы Фариза Табылдиева, Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің маманы Жадыра Ходжахметова, «Қуаныш» ЖШС SMM маманы Ақмарал Ғаниқызы, журналист Несібелі Иманқұлова ие болды.

Жеңімпаздарды Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов марапаттап, жүлделерін тапсырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР