2024-04-28 20:56:41
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Суға жүзуден ел чемпионаты мәресіне жетті

Суға жүзуден ел чемпионаты мәресіне жетті

Талдықорған қаласында суғару жүзуден жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі аяқталды. Айдында аса тартысты өткен бұл жарысқа республикамыздан 15 — команда, 255 жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ел чемпионатына облыс, қалалардан 160 ұл және 95 қыз келіп, жүзуден бақ сынасты. Лондон  олимпиадасының жеңімпазы атақты суға жүзуші Дмитрий Баландиннің жарқын жетістіктері бүгінде талай жастарға үлгі-өнеге.

Түркістан облысының құрамасы бұл Қазақстан чемпионытының екінші кезеңінде жақсы өнер көрсетті. Түркістандық Альжан Сагадиева 400 метр еркін жүзуден және 800 метр еркін жүзуден күміс еншіледі.

Сонымен қатар, тағы бір жерлесіміз Дария Тоқтобаева 200 метрге  брасс әдісімен және 200 метрге  шалқалайдан күміс жүлде, 200 метр кешенді әдісімен де күміс жүлдегер атанды. Ал, 400 метрге  кешенді әдісімен жүзуде де екінші орын алып, күміс жүлдеге ие болды. Нәтижесінде  Түркістан облысының жүзу шеберлері облыс қоржынына 6 күміс жүлде салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР