2024-07-27 09:05:28
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Студенттердің жазғы универсиадасы: Түркістандық университет күміс жүлдегер атанды

Студенттердің жазғы универсиадасы: Түркістандық университет күміс жүлдегер атанды

Ақтау қаласында өткен ХІІ жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті  студенттері жалпы командалық есепте күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студентері арасындағы XII жазғы Универсиада ойындары 24 мамыр күні басталған болатын. Бір айға жуық уақытқа созылған жарыста спортшылар 17 спорт түрінен  20 жарыс бойынша кіл мықтыны анықтады. Оған еліміздің 55 жоғары оқу орындарынан  3000-нан астам студент қатысты.

ХҚТУ-дің намысын қорғаған 15 спорт түрінен 150-ден астам студент бақтарын сынады. қорғады. Аса тартысты өткен жазғы универсиадада түркістандық жастар  30 алтын, 14 күміс, 49 қола жүлдені қанжығасына байлап, командалық есепте ІІ орынды жеңіп алды. Бұл әрине, білім мен спортты бір арнаға тоғыстврған болашағы жарқын спортшы жастардың ғаламат жеңістері.

Сонымен қатар, Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің дарынды спортшылары да универсиадада облыс намысын қорғады. Нәтижесінде 6 күміс пен 4 қола алқа иеленген университет жастары биылғы жастардың спорт додасы жазғы Универсиада ойындарында 37-ші орынға табан тіреді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР