2024-07-27 05:09:51
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Спортшылар жанұясы мерекемен құттықтайды

Спортшылар жанұясы мерекемен құттықтайды

Спортшы жастардың жанашыры Дінмұхамед Махимов 2008-2009 жылдары  Оңтүстік Қазақстан облысының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының спорт жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Мұнан соң 2009-2011 жылдар аралығында білікті спорт маманы Оңтүстік Қазақстан облыстық олимпиада резерв даярлау орталығы директорының спорт жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

2011-2016 жылдары  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің спорттық іріктеу және бағдарлау жөніндегі директордың орынбасары болып жемісті қызмет атқарып, талантты жастарды тәрбиеледі.

Қазіргі таңда ел спортының дамуында сүбелі үлесі бар облысымызда 2019 жылы  Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Тұран» спорт ойын түрлері клубы мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме директорының оқу-ісі, спорт жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медаль иегері. ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.  Д.Махимов Шардара ауданының «Құрмет азаматы». Самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, самбо күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері. Сонымен қатар,  самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы.

Бүгінде жұбайы да спорт саласында жемісті еңбек етіп келеді. Орынкул Жолымбетова 1995 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік уиниверситетінің Шымкент бөлімшесін  «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітіріп шыққан.

1995 жылдан бастап педагогикалық мамандығы бойынша қызмет атқарған.

1995 – 2005 жылдары Шымкент қаласы Қазақ – түрік ұлдар лицейнде, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. Ал, 2005-2009 жылдары Шымкент қаласы №79 мектеп жанындағы интернатта тарих пәнінің мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды.

Ал, 2009 жылдан бастап Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған  мектеп-интернат-колледжіне тарих пәнінің мұғалімі және директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып табысты қызмет атқарып келеді.

Спортшылар әулеті облысымызға ғана емес республикамызға да танымал әулет. Отбасында үш ұл, бір қыз тәрбиелеп, үлгілі жанұя. Нұрсұлтан баласы Шымкент медициналық академиясында жетінші курс оқып жатса, қызы Динара Шымкент педогогикалық институтында дене тәрбиесі және спорт мамандығының 4 курсын бітіруде.  Ал, Бек баласы гандболдан ҚР спорт шебері, ҚР чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Шымкент педагогикалық институтының 3 курс студенті. Кіші ұлы он жаста футболмен шұғылданады. Осылайша, үлгілі әрі спортшылар Махимовтар  әулеті  тәуелсіз елімізде достық пен  бейбітшілікті насихаттайтын спорт саласында толағай табыстарға жетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР