2024-04-20 02:19:07
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Спортшылар республикалық ашық турнирге қатысты

Спортшылар республикалық ашық турнирге қатысты

Мамыр айының 20-23 күндері аралығында  Шымкент қаласында жеңіл атлетика спорт комплексінде таеквондо WT-дан «MUSTAFA SNYMKENT» республикалық ашық турнирі өтті.

Елімізде жасөспірімдер мен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, таэквондо WT спортын дамыту, көршілес мемлекеттермен достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілген спорттық іс шараға Өзбекстан Республикасы және еліміздің қала, облыс, аудандарынан жалпы 680 спортшы  қатысты. Спорттық іс шараға  Жетісай ауданының жеке кәсіпкер «ГАУХАР» спорт клубының бір топ спортшылары қатысып бақтарын сынады. Ашық турнирдің қортындысы бойынша спортшыларымыз төмендегідей жүлделі орындарды  иеленді:

  •   I  орын—15-17 жас +68 кг салмақ дәрежесінде Өскенова Аймарал;
  •   I  орын —  8-9 жас  24 кг салмақ дәрежесінде Ерик Алихан;
  •   II  орын —12-14 жас 37 кг салмақ  дәрежесінде  Алмахан  Нұрислам;
  •   II  орын —8-9 жас 28  кг салмақ дәрежесінде  Малик Айбол;
  •   III орын —6-7 жас 18  кг салмақ  дәрежесінде Мекенбай Ардақ;
  •   III орын —8-9 жас  28 кг салмақ  дәрежесінде  Айнабек Баязид;
  •   III орын —8-9 жас +41 кг салмақ  дәрежесінде Бахитжан Хабибулла.

Спорттық іс шара барысында «ГАУХАР» спорт клубының басқарушысы таэквондодан Қазақстан Республикасының жоғары санаттағы  ұлттық спорт төрешісі, спорт шебері, біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы Қурманбаева Гаухар Ауезханқызына қара белбеу 4-ші дан иегері атағы берілді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР