2024-07-27 07:59:29
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Спорт мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

Спорт мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Бекзат Саттарханов атындағы Түркістан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылғын балалар мен жасөспірімдер спорт мектек-интернат-колледжінде 1 қыркүйек — білім күніне арналған алғашқы қоңырау үні соғылды. Іс-шараға аталған білім ордасының ұстаздары мен бапкерлері және ата-аналары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Білім мен спортты бір арнаға тоғыстырған шәкірттер 1 қыркүйек – білім күніне орай Ер Бекзаттың ескерткішінің алдында сап түзеп, мерекені атап өтті. Жылдағы дәстүр бойынша білім ордасына түскен спортшылар алдымен ант қабылдап, Бекзат ағаларындай  олимпиада чемпионы болу үшін жан-жақты шыңдалатын болады. Жиынға қатысқан аталмыш білім ұясының басшысы Шадияр Қондыбаев пен облыстық №6 спорт мектебінің директоры Бауыржан Бөріқұлов оқушыларды білім күнімен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерін айтты.

Бүгінде аталған білім ұясында жалпы 320 бала дәріс алса, биылғы оқу жылына 109 спортшы жастар қабылданды. Білім ошағында шәкірттер күніне екі мезгіл жаттығу жасаса, 5 мезгіл тамақтанады. Сонымен қатар, спорт мектеп-интернат-коллежінде өткен оқу жылынды Азия чемпионаттарында 3 шәкірті жүлдегер атанса, 9 спортшысы Қазақстан чемпионаттырының жеңімпазы және 7 спортшысы жүлдегер атанды. Биылғы жаңа оқу жылына да қойып отырған талаптары жоғары. Алдағы өтетін ірі жарыстарда шәкірттернің топ жару үшін жан-жақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР