2024-07-27 12:31:13
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Спорт күні» мерекесіне орай сала қызметкерлері арасында спартакиада басталды

«Спорт күні» мерекесіне орай сала қызметкерлері арасында спартакиада басталды

Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Түркістанда спортшылардың кәсіби мерекесі «Спорт күніне» орай спартакиада өтуде. Сала қызметкерлері арасында өтіп жатқан жарыста волейбол, шағын футбол, үстел теннисі мен арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара шеберліктерін шыңдауда.

Дәстүрлі бұл спартакиада биыл ерекше болып жоғары деңгейде өтуде. Жерлестеріміз бұл айтулы мерекені Түркістан облысының құрылғанына -5 жыл толуына арнап отыр. Спартакиада өңіріміздің барлық аудандарынан Шардара, Келес, Сарыағаш, Түлкібас, Қазығұрт, Бәйдібек, Сайрам, Төлеби және Ордабасы, Жетісай, Мақтаарал аудандарынан, сонымен қатар Түркістан, Кентау, Арыс қалаларынан командалар қатысып, бақтарын сынауда.

Бұл жарыста Отырар, Сауран аудандары мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандары да шет қалмады. Ақтық ойындар 19 тамыз күні «Бәйшешек» оқу-жаттығу орталығында сағат 10.00-де өтеді. Жанкүйерлердің ыстық ықыластарына бөленді, сала қызметкерлері арасында достық пен бірлікті насихаттап келе жатқан бұл дәстүрлі жарысқа баршаңызды шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР