2024-04-23 06:05:17
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Сіз білесіз бе?» жобасы жалғасуда

"Сіз білесіз бе?" жобасы жалғасуда

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесінің «Сіз білесіз бе?» жобасы жалғасуда. Аталмыш жоба аясында дайындаған «TURKIsTANYM» танымдық бейнероликтер айдарының келесі аялдамасы – «Аспалы шырағдан».

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне сыйға тартылған қола шырағдандар ХIV  ғасырдан сақталған құнды жәдігерлер болып табылады. ХХ ғасырдың басында кесенеде Әмір Темір бұйрығымен Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани жасаған 6 шырағдан сақтаулы тұрған.

1905 жылы кесене ішінен ұрланып, олардың бөліктері қазір Францияның Париж қаласындағы Лувр музейінде сақтаулы тұр. 1935 жылы кесенедегі екі шырағдан және үшіншісінің төменгі бөлігі Ленинградтағы мемлекеттік Эрмитаж музейіне жіберілген.

Қола шырағдандардағы өсімдік тектес нәзік өрнектердің сәнді жарасымы, алтын-күміс жалатылған жазулары бұйымға қайталанбас тұтастық сыйлаған.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР