2024-07-27 13:54:46
36.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шардарада қол күресінен ел чемпионаты басталды

Шардарада қол күресінен ел чемпионаты басталды

Шардарада тұңғыш рет ересектер арасында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Оған  еліміз бойынша 16 команда, 300-ден астам саңлақтар бас қосып, күш сынасуда. Талай жеңімпаз спортшыларымен танылған шағалалы Шардара ауданына еліміздің ең талантты деген қол күрес шеберлері жиналды. Олимпиадалық бағдарламасына енбеген бұл спорт түрі дей тұрғанмен әлем бойынша аса тартысты әрі талай жанкүйерлерді  тамсандыратын ерекше спорт.

Қазақстанда қазір қол күресінен әсіресе шардаралық саңлақтарға тең келер аймақ болмай тұр. Армрестлингтен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының негізгі мақсаты — Алматы қаласында 23 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында  жалауы желберейтін армрестлингтен әлем чемпионатына ұлттық құраманы жасақтау. Бұл туралы Қазақстан Республикасының гір спорты және армрестлинг федерациясының президенті Марат Асаинов кеңінен айтып өтті. Түркістан облысында гір спорты мен қол күрес спортының,«Шардара Армспорт» клубының  негізін қалаған білікті маман, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арман Қарсыбаевтың ерен еңбегін айта өткеніміз жөн.  Ол болашақта да жерлестеріміздің жеңісті жолы жалғаса беретіндігін жеткізді.

Шардара ауданында бұл спортты дамыту үшін арнайы спорттық базалар халықаралық талаптарға сай бой түзеген. Бұдан бөлек облыста көп жылдардан бері өңірімізде спорт басқармасы жергілікті жастар арасында қол күресін әлемдік деңгейде қарқынды дамыту үшін игілікті істер атқаруда. Бүгінде түркістандықтар талай додаларда  жүлделерге қол жеткізуде. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай қатысып, талантты спортшыларға сәттілік тіледі. Ал, Астанадан келген федерация басшылығы алда өтетін әлем чемпионатына ұлттық құрама мүшелерінің жеңіске жететіндігіне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР