2024-04-24 20:30:38
25.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шаблан Ділдәбековты еске алуға арналған бокстан Халықаралық жарыс басталды

Шаблан Ділдәбековты еске алуға арналған бокстан Халықаралық жарыс басталды

Жетісай қаласындағы спорт кешенінде, 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік еңбек ері Шаблан Ділдәбековты еске алуға арналған бокстан 2010-2011 ж.т жасөспірімдер арасында Халықаралық жарыс бастау алды.

Ұлы ерлік- ұрпаққа үлгі! Бүгін ауданымызда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің соғыс жылдарындағы ерен еңбектерін еске алып, құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған Халықаралық жарыстың ашылу салтанатына, Жетісай ауданы әкімі орынбасары Т.Елшібаев,«Аманат» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Асауов, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Сейдалиев, Мақтаарал және Жетісай ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері М-Б. Жанбырбаев және Ш Ділдәбековтың отбасы мүшелері, ағайын туыстары қатысып өздерінің ізгі ниеттерін білдіріп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Спорт- достық көпірі! Ауданымызда жоғары дәрежеде ізгі ниетпен бастау алған Халықаралық жарысқа Өзбекстан Республикасынан 4 команда, Қырғызстан елінен 1 команда және елімізден Жамбыл облысы, Шымкент, Түркістан, Арыс, Леңгір қалалары мен Қазығұрт, Шардара, Келес, Мақтаарал, Бәйдібек, Жетісай аудандарынан келген 20 командадан 250 –ге жуық жас спортшылар қатысуда.

Жарыс AIBA Халықаралық бокс ассоциациясының бекіткен ережесіне сәйкес өткізіледі, сондай-ақ жасөспірім спортшылар 30, 32, 34, 36,38, 40,42, 44,46,48,50,52,54,56,58,60,63,+66 кг салмақтарда шаршы алаңға шығып, спорттық шеберліктерін анықтайды.

Жетiсай ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң атынан барлық жасөспiрм спортшыларға сәттiлiк тiлеймiз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР