Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірлесіп ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «TUR WORKOUT» заң мен тәртіп жобасы.
Аталған жоба аясында Сайрам ауданында «Тәртіпке тартыл» атты белтемірге тартылу сайысы ұйымдастырылып, аудан жастарының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Спорттық іс-шара жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталды.
Бүгінде жастар саясатының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру және бойларында жауапкершілік, тәртіп пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте спорттық іс-шаралар жастарды зиянды әдеттерден аулақ ұстап қана қоймай, олардың физикалық және рухани дамуына оң әсер етеді.
«TUR WORKOUT» жобасы дәл осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама ретінде өңір көлемінде кезең-кезеңімен өткізілуде. Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру.
Сайысқа қатысқан жастар белтемірге тартылу бойынша өзара бақ сынасып, физикалық дайындықтары мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, өздерінің төзімділігі мен күш-қуатын ортаға салды. Жарыс барысында әділ бәсеке қалыптасып, жастардың спортқа деген қызығушылығы айқын көрінді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық жарыстар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және оларды пайдалы ортаға тартуға мүмкіндік береді. Спортпен тұрақты айналысатын жастардың құқық бұзушылыққа бейімділігі төмен болып, олардың өмірге деген көзқарасы мен жауапкершілік деңгейі жоғарылай түседі.
Іс-шара барысында қатысушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және заң талаптарын құрметтеу мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Жастарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және азаматтық жауапкершілікті сезіну жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі саналатын интернет қауіпсіздігі мен қаржылық сауаттылық бағытында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мамандар жастарға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы мәлімет беріп, күмәнді қаржылық операцияларға қатыспау қажеттігін түсіндірді.
Кездесу барысында дропперліктің қауіптілігіне ерекше тоқталды. Азаматтардың өз банк карталарын, банктік шоттарын немесе жеке мәліметтерін бөгде адамдарға пайдалануға беруі құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Мұндай әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілікке алып келетіні нақты мысалдар арқылы жеткізілді.
Сондай-ақ жастар арасында жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалды. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы ақпарат алмасуды жеңілдеткенімен, жалған ақпарат пен манипуляциялық контенттің таралу қаупін де арттырып отыр. Осыған байланысты жастарға ақпаратты тек ресми және сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді.
Медиасауаттылықты арттыру мәселелері де іс-шара барысында кеңінен талқыланды. Қатысушыларға әлеуметтік желілерде таралатын ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалау, тексерілмеген мәліметтерді таратпау және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңестер берілді.
Қаржылық пирамидалардың қоғамға тигізетін зияны туралы да ақпарат берілді. Мамандар жастарды жоғары табыс уәде ететін күмәнді ұйымдардың қызметінен сақ болуға шақырып, қаржылық шешім қабылдау кезінде мұқият болудың маңыздылығын атап өтті. Қаржылық сауаттылықты арттыру – жастарды экономикалық қауіптерден қорғаудың маңызды тетіктерінің бірі екендігі айтылды.
Жастар арасында кең таралып келе жатқан әлеуметтік мәселелердің бірі – лудоманияның алдын алу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Құмар ойындарға тәуелділіктің адам өміріне, отбасы жағдайына және қаржылық тұрақтылығына тигізетін кері әсерлері түсіндірілді. Спортпен айналысу мен пайдалы әдеттерді қалыптастырудың жастарды мұндай тәуелділіктерден қорғаудағы рөлі ерекше екендігі айтылды.
Сонымен қатар жастардың психологиялық саулығын сақтау және қоғамдағы суицидтік тәуекелдердің алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға өмірлік қиындықтар туындаған жағдайда кәсіби мамандардың көмегіне жүгіну, өз мәселелерімен жалғыз қалмау және жақындарымен ашық қарым-қатынас орнату қажеттігі түсіндірілді.
Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық қабілеттерін ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық, табандылық және мақсатқа ұмтылу қасиеттерін де көрсетті. Белтемірге тартылу сайысы жастар арасында үлкен қызығушылық тудырып, олардың дене дайындығын жетілдіруге деген ынтасын арттырды.
Мұндай спорттық жобалар жастардың бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар олар жас буынның қоғамдық өмірге белсенді араласуына және азаматтық ұстанымының нығаюына мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, жастарға алдағы жарыстарда табыс тілінді. Ұйымдастырушылар осындай жобалардың алдағы уақытта да жалғасатынын және өңір жастарын қамту ауқымы кеңейе түсетінін атап өтті.
«Тәртіпке тартыл» атты белтемірге тартылу сайысы жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және «Заң мен Тәртіп» қағидатын кеңінен дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
Мұндай іс-шаралар жастарды спортқа баулып қана қоймай, халық арасында жалған ақпаратқа және бұқаралық сананы манипуляциялауға қарсы іс-қимыл жасауға, қаржылық пирамидалармен күресуге, интернет-алаяқтықтың алдын алуға, лудоманияның профилактикасына және қоғамдағы суицидтік тәуекелдерді азайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына да өз үлесін қосады.
Сондықтан өңірде ұйымдастырылып жатқан осындай кешенді жобалар жастардың құқықтық мәдениетін нығайтып, олардың жауапты, белсенді әрі саналы азамат болып қалыптасуына қызмет ететін маңызды әлеуметтік алаң ретінде өз жалғасын таба береді.
