2024-04-24 06:51:28
15.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері жастармен кездесті

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелері жастармен кездесті

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің колледж студенттері және мектеп оқушыларымен кездесуі өтті.

Шараға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының мүшелері Х.Тұрсұн, Д.Кенжетай, Л.Динашева, А.Сандыбаева және Түркістан қаласындағы оқу орындарының білім алушылары қатысады.

Аталған комиссия 2021 жылғы 14 қаңтарда облыс әкімінің қаулысымен құрылып, жұмысына өңіріміздің 25-тен астам тарихшы ғалымдары, доценттер, phd докторлар, сарапшылар, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры, архив саласының қызметкерлері және т.б. азаматтар тартылған. Бұл орайда, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жұмысшы топ құрылған.

Жиын барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялардың 2022, 2023 жылдары шығарған материалдар жинақтары бойынша көрме ұйымдастырылып, елімізде саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандары туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері баяндама жасап, білім алушылардың сұрақ-жауаптарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР