2024-07-27 05:50:05
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Сарыағашта «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешені бой көтеруде

Сарыағашта «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешені бой көтеруде

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекенінде «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрлысымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекеме өкілімен кездесіп, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан нысанның қазаншұңқырын қазу жұмыстары аяқталған. Одан бөлек, нысанның іргетасын құю жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған спорт кешенінің құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Кездесуде аудан әкімі спорт нысанының ауыл үшін маңызы зор және оның сапалы салынуы басты шарт екенін айтып өтті. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау керектігін ескертіп, тиісті бөлім басшысына құрылыс жұмыстарын үнемі назарда ұстауды тапсырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР