2024-02-21 04:43:14
-8.7 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Самбо күресінен өткен әлем чемпионатында Түркістандық балуандар олжалы оралды

Самбо күресінен өткен әлем чемпионатында Түркістандық балуандар олжалы оралды

Қырғызстанның Бишкек қаласында самбо күресінен жасөспірімдер және жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Қазан айының 04-10 аралығында өткен күрес бәсекесіне дүниежүзінің 28 мемлекетінен мықты деп іріктелген балуандар қатысып, боз кілем көркін қыздырды. Байрақты додада еліміздің намысын қорғаған түркістандық саңлақтар толағай табысқа жетті. +98 келіде күш сынаған жерлесіміз Сардар Әбдісамитұлы жасөспірімдер арасында барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, жеңіс тұғырының биігінен көрінді. Сондай-ақ, 98 келіде бақ сынаған тағы бір жерлесіміз Алмас Темірбай қола жүлдеге қанағат етті.

Ал, қыздар арасында 72 келіде белдескен Ақбота Қыдырәлі, +80 келіде Нурила Асанқызы тартысқа толы өткен әлемдік сайыста қолаға қол созып, жерлестерін қуантты.

Осындай ғаламат нәтиже көрсеткен спортшыларымызды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшының орынбасары Айдос Қалтаев пен «Түркістан облысының самбо федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Дәурен Тәңірберген құттықтып, сый-құрмет көрсетті.

Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбдісадық Халилаев  жиынға қатысушыларды құттықтап, шәкірт тәрбиелеуде әлі де көп жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Әлем чемпионатында шәкірттері олжалы оралған жаттықтырушылар да марапаттан тыс қалмады. Облысымызда самбо күресінің жоғары дәрежеде дамуы үшін елеулі үлес қосқан білікті бапкерлер Қанат Арғынбаев, Мөлдір Бейсембаева, Нұрғали Тәнкеевтерге құрмет көрсетілді.

Самбо күресі облысымызда 4 облыстық және 10 қала, аудандық спорт мекмелерінде дамытылып, онда 49 жаттықтырушы 1043 баламен күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Жеңімпаз және жүлдегер спортшыларымызды құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР