2024-05-02 07:58:48
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Республикалық чемпионатта үшінші орынды иеленді

Республикалық чемпионатта үшінші орынды иеленді

26 маусым мен 2 шілде аралығында  Елордамыз  Нұр-Сұлтан қаласында үстел теннисінен 2010 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер арасында кезекті Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Ел біріншілігіне Нұр-Сұлтан, Алматы,Шымкент қалалары  және   басқа да  өңірлерден  жалпы  300-ге жуық  жас үстел теннисшілер қатысып, өзара үздік ойыншылар анықталуда. Түркістан облысының құрама командасының  сапында  «Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің»  спортшы  ұл-қыздары да өз шеберліктерін сынға салуда.

Қазақстан Республикасының  ұлттық құрама командасын қалыптастыру үшін мықты спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылып отырған  додада үстел теннисінің шеберлері жекелей, жұптық және аралас командалық санат бойынша сынға түседі. Жарыс бағдарламасына сәйкес спортшыларымыз  жырыстың алғашқы күндері  командалық сайыста өз шеберліктерін  көрсеті.  Түркістан облысының құрама командасы ұлдар және қыздар арасында командалық сайыста жүлделі үшінші орынды иеленді. Атап айтар болсақ қыздар құрамасында ауданымыздың спортшылары  Назір Мадина мен  Назір Айна және  ұлдар арасында Есімхан Орынбасар . Алдағы күндері спортшыларымыз жекелей және жұптық сындарда сайысқа түскелі тұр. Спортшыларымызға жеңіс тілеп, үлкен сенім артамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР