Ақтөбе қаласында Үстел теннисінен Қазақстан Респуликасының ашық командалық чемпионатының ІV-ші лигасының ІІ туры болып өтті. Аталған бәсекеге Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Астана, Қарағанды, Алматы, Шымкент қалаларының сондай-ақ Түркістан облысынан жиналған 12 команда қатысты. Жетісай ауданының «MARTEN» командасы да өз шеберліктерін сынға салды. Нәтижесінде 2-ші орынды иеленді.
Жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасының үстел теннисін дамыту және дәріптеу, сонымен қатар жаттықтырушылылардың жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Үстел теннисі- әлемде кең тараған спорт түрі. Бұл спорт түрінің белсенді дамуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Ұлттық үстел теннисі Федерациясында 13 жыл басшылық етіп, өз үлесін қосқан болатын.
Жарыс қорытындысы бойынша :
І орын Ақтөбе облысы «AQTOBE» командасы
ІІ орын Жетісай ауданы «MARTEN» командасы
Команда құрамы:
- Қонысбай Айболат
- Муханбет Әли Даулетбек
- Назир Рамазан
ІІІ орын Астана қаласы «TTS ASTANA-2» командасы
Жеңімпаз атанған командалар арнайы диплом және медальдармен марапатталды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Жаттықтырушысы — Е.Есімханов