2024-07-27 11:36:43
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Райымбек Сейтметов театрында «Жалғыздық» драмасының премьерасы өтті

Райымбек Сейтметов театрында «Жалғыздық» драмасының премьерасы өтті

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрында Рахымжан Отарбаевтың «Жалғыздық» драмасының тұсауы кесілді. Премьераға Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы және Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Ұлжалғас Мұстафаева бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мазмұнды қойылымнан соң Мұқағали Кенжетайұлы өнер ұжымын маусымның жабылуымен құттықтап, биыл Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай театр фестивалі өтетінін хабарлады. Ал Ұлжалғас Әбенқызы қойылымнан алған әсерімен бөлісіп, көрерменге берері көп деді.

Рахымжан Отарбаевтың «Жалғыздық» драмасының қоюшы режиссері – Махамбет сыйлығының иегері Мұқанғали Томанов. Басты рөлдерді ​Айдар Наурызбаев​, Кәмшат Аштекова, Ерқайрат Бимурзаев, Алмагүл Индемесова, Бақдәулет Шаймахан, Жандос, Маханов, Ғалымжан Бейсенбаев, Жадыра Сейдахметова сынды талантты әртістер сомдап, көрермен көңілінен шыға білді.

Қойылым желісі адам баласының ана мейірімін іздеуі, бұл өмірде ана мен баланың арасындағы махаббатты бейнелейді. Тағдыр талай жандармен тоғыстырса да өмір жолының басында анасы тұрары анық.  Жалғыздан жалғыз қалып, өмірінің бастауы болған сол мейірімге толы жанды шарқ ұра іздейді, аңсайды, сағынады… Ана мен перзент арасындағы сырға толы сезімді сахналайтын қойылым 23 маусым күні де өтіп, театрдың кезекті ХХІІІ маусым шымылдығын жабатын болады.

Түркістан облысы мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР