2024-07-27 12:03:13
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Райымбек Сейтметов атындағы театрдың XXIV маусымы ашылады

Райымбек Сейтметов атындағы театрдың XXIV маусымы ашылады

13 қыркүйек күні, сағат 19:00-де Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының ХХІV маусымы ашылады. Маусымашарда Қ.Төлеуішевтің аудармасындағы М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы сахналанады.

Қойылымда әлем дамыған сайын адам баласының қатыгездігі қатар дамып жатқаны туралы баяндайды. Ал жер бетіндегі хайуандардың адамнан мейірімді, жүрегі жұмсақ екенін біз біле бермейміз. Білсек те өзімізді жоғары санап мойындамаймыз. Неге? Міне, жауабы жоқ сұрақтарға театр әртістері сахна арқылы жауап беруге тырысады.

Қоюшы режиссері Махамбет сыйлығының иегері М.Томанов, қоюшы суретшісі Қанат Шериев, хореограф Ж.Ерсұлтанова, театр директоры ҚР Мәдениет қайраткері Е.Исатаев, театрдың көркемдік жетекшісі,  актер, режиссер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айдар Наурызбаев.

Билеттер театр кассасында сатылымда.

Хабарласу телефоны: 87776969421

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР