2024-07-27 11:34:36
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазығұрттық жасөспірімдер спортты жанына серік еткен

Қазығұрттық жасөспірімдер спортты жанына серік еткен

Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қазығұрт аудандық оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жаңабазар ауыл округіне қарасты Қалмырза Бегасылдың жетекшілігіндегі «Жылыбұлақ» футбол командасы, Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында және Балалар футбол лигасы аясында өткен «Көктем кубогы» футбол турниріне қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

Турнир қорытындысы бойынша Аблахан Нұртас «Ең әдепті ойыншы» номинациясының иегері атанды. Үйірмеге жетекшілік еткен Қалмырза Бекасыл «Үздік Бапкер» дипломымен марапатталды. Жас спортшылар ендігі кезекте ауданның абыройын көтеріп, атағымызды әлемге танытуды мақсат етіп отыр.

«Кез келген ата-ана баласының мықты, дені сау болып өскенін қалайды. Сондықтан, баланы кішкентай кезінен спортпен таныстырып, спортқа баулып, баланы қандай спортпен шұғылдандыруға болатынын білген абзал. Тәні саудың — жаны сау. Деніміздің сау болуы біздің бүгініміз бен ертеңіміздің жарқын болуына кепілдік береді. Салауатты өмір сүру салтын кішкентай кезімізден бойымызға сіңіріп, әдетке айналдыруымыз қажет«, — деді Қалмырза Бекасыл.

Арнайы мамандардың кеңесінше дене шынықтырумен, спортпен баланы кішкентай кезінен үйреткен жөн. Себебі, дәл осы кезде балалар үлкендерден үлгі алып, үйрене бастайды. Спортты отбасылық дәстүрге айналдыратын болсаңыз, тіптен тамаша. Сол кезде жаттығу жасау балаға «жаза» немесе қосымша күш емес, қалыпты физикалық жаттығу, ата-анамен жылы тілдесуге мүмкіндік беретін ерекше сәт ретінде есінде қалады. Бұл баланың психилоголиялық тұрғыдан дамуына да көп көмегін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР