2024-04-29 09:06:26
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазығұрттық балалар Түркістанның көрікті орындарын аралады

Қазығұрттық балалар Түркістанның көрікті орындарын аралады

Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай қазығұрттық балалар “Балалар қуанған күн” атты шара аясында Түркістан қаласына саяхат жасады. Шара Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті.

Қазығұрттық балалар ең алдымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихымен танысты. Балалар XV ғасырда ұлы ғұламаға арнап тұрғызылған кесенені аралап, ғажайып «Тайқазанды» көрді. Сонымен қатар жерасты мешітіне барып, Қожа Ахмет Ясауи қылуетке түскен жерді көздерімен көріп, ерекше әсер алды.

Сондай-ақ, балалар Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен сарай» көпфункционалды туристік кешенін аралап, сан ғасыр бұрын сауда жолдарының торабы болған тарихи мекенді аралап жүргендей ғажайып күйге бөленді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР