2024-03-29 04:47:45
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазығұрт ауданының мәдени көші— Түркістан төрінде

Қазығұрт ауданының мәдени көші— Түркістан төрінде

Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласында өтетін Қазығұрт ауданының мәдениет күндері басталды. Қазығұрт көшінің шымылдығы Этноауыл аумағында «Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра» атты қолөнер шеберлерінің көрмесімен ашылды.

Шара барысында ауданның қылқалам және қолөнер шеберлерінің ерекше туындылары көпшілік назарына ұсынылып, қала тұрғындары мен қонақтарының оң бағасын алды.

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және ұлттық мәдениет пен өнерімізді дәріптеу, Түркістанның туристік әлеуетін дамытуды мақсат еткен фестиваль аясында өтіп жатқан Қазығұрт ауданының мәдени күндері үш күнге жалғасады. 13 мамыр күні Этноауыл аумағында сағат 11:00 мен 18:00 аралығында «Ұлт тәрбиесінің өзегі – ұлттық тағам» атты ұлттық тағамдар  көрмесі, «Ата салтым – алтын қазынам» атты  салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері мен «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, сағат 16:00-де облыстық «Farab» кітапханасында Кеңес Жұмабековтың «Адасқандар» драмалық қойылымы сахналанады.

Ал 14 мамыр күні сағат 19:00-де «Visit Turkistan» орталығы алаңында «Өнері өрлеген өлке» атты аудан өнерпаздарының қатысуымен Гала-концерт өтеді.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР