2024-07-27 07:53:41
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстандық команда робототехникадан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық команда робототехникадан әлем чемпионы атанды

Қазақстандық команда Сингапурда өткен “FIRST Global Challenge” атты робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізіп чемпион атанды.

Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ студенттері Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құраманың бапкерлері — Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

«Біз Сингапурға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 оқушының ішінен ұлттық кезеңде іріктелген мықты команданы алып келдік. Біздің команданың алдында өткен жылғы Женевадағы тарихи жеңісті қайталау міндеті тұрды және олар мұны ойдағыдай орындады, ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұдан басқа, командамыз халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілердің марапаттарына ие болды, бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Қазақстандағы робототехника жыл сайын халықаралық брендке айналып келеді», — деді “USTEM Foundation” қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов.

“FIRST Global Challenge” – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионаты. Осы жылғы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР