2024-07-27 09:23:32
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстан Республикасы чемпионатынан қос жүлде

Қазақстан Республикасы чемпионатынан қос жүлде

Маусым айының 01-04 күндері  аралығында Павлодар қаласында қазақ күресінен жастар арасында  Қазақстан  Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған  чемпионатқа еліміздің  әр аймағынан үздік палуандар жиналды.   Осы жарыста Түркістан  облысының атынан шыққан  спортшыларымыз  қос күміс алқаны қоржынға салды.

Атап айтар болсақ,  қыздар арасында 57 келі салмақта  Серікбайқызы Әсем ақтық сынға дейін жетіп,  2 орынға ие болса,  ұлдар арасында 60 келі салмақта  сынға түскен Амангелді Сәуірбай  күміс алқаны иемденді.

Жүлделі орындарға ие болған   спортшылап мен жаттықтырушыларды  жетістіктерімен құттықтай келе, алда бұдан да үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР