2024-07-27 07:44:44
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан әйелдер арасындағы ФИДЕ командалық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Спортшыларымыз Германия құрамасын сенімді жеңіп, турнирдің шешуші кездесуіне бір қадам жақындады. ФИДЕ баспасөз қызметі атап өткендей, бірінші текетірес 3:1 есебімен қазақстандық команданың жеңісімен  аяқталды. Ел құрамасы сапынан Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Әмина Қайырбекова және Динара Вагнер жеңіске жетті.

Әлем чемпионатының жартылай финалында ел құрамасы Франциямен сынға түседі. Сондай-ақ, соңғы кезеңде  АҚШ пен Грузия құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, 5-12 қыркүйек аралығында Польшаның Быдгощ қаласында 2023 жылғы әйелдер арасындағы тоғызыншы командалық ФИДЕ әлем чемпионаты өтуде. Чемпионатқа Қазақстан атынан Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі 2162), Ксения Балабаева (ФИДЕ рейтингі 2111), Алуа Нұрманова (ФИДЕ рейтингі 2170), Әсел Серікбай (ФИДЕ рейтингі 2120) және Әмина Қайырбекова (ФИДЕ рейтингі 1985) жиналған мықты құрама шығып отыр. Делегацияны тәжірибелі бапкерлер – Павел Коцур мен Александр Моисеенко бастап барды.

Турнирге екі топқа бөлінген алты қатысушыдан тұратын 12 команда қатысуда. Қазақстан әйелдер құрамасы А пулында өнер көрсетуде. Онда Грузия, Үндістан, Франция, Украина және Мысыр командалары бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР