2024-04-26 04:03:51
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілігі өтті

Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілігі өтті

Мамыр айының 11-13 күндері аралығында  Жетісай ауданы, Қазыбек би а/о-де орналасқан мәдениет үйінде, 7 мамыр «Отан  қорғаушылар» және 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекелерініе орай, қазақ  күресінен 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Жетісай  ауданының ашық біріншілігі  болып өтті.

Қазақ күресі — қазақтың ұлттық спорты. Күрес түрлерінің ерекше әдістерімен ерекшеленетін бұл спорттық іс шараға Келес, Шардара, Мақтаарал және  Жетісай аудандарынан 150-ге жуық  жасөспірім спортшылары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына  Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Сейдалиев және Қазыбек би а/о-нің әкімі Даулет Оразов қатысып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Күш пен ақыл бірге жүретін спорттық іс шарада жасөспірмдер 23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, 46, 50, 55,+55  кг салмақ  дәрежелерінде күш сынасып, спорттық шеберліктерін шыңдады. Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар командалық  есепте төмендегідей  жүлделі орындармен  жарысты өз мәресіне  жеткізді.

  • І   орын  Мақтаарал  ауданының  командасы
  • ІІ  орын  Шардара  ауданының  командасы
  • ІІІ орын  Жетісай  ауданының командасы
  • IV орынды Келес ауданының командасы иеленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленген спортшылар Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан арнайы дайындалған диплом және медальдармен марапатталды.

Білімді,тәрбиелі, әрі дені сау ұрпақ- ұлттың ең қымбат байлығы!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР