2024-07-27 09:01:46
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қазақ күресінен алғашқы күнгі жеңімпаздар белгілі болды

Қазақ күресінен алғашқы күнгі жеңімпаздар белгілі болды

Қазақ күресінің балуандары жарыстың алғашқы күні ерлер 82, 90, 100, +100 келі салмақта белдессе, әйелдер 65, 70, 77, +77 келі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Ерлер арасындағы күресте 100 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген түркістандық Айдарбек Тоқтарбек жеңімпаз атанды. Ол ақтық бәсекеде Алматы қаласының балуаны Айбек Изтлеуовтен басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. Ал, +100 келі салмақтағы жерлесіміз Әбдуғани Бибарыс қолаға қол созды.

Сондай-ақ, Түркістан облысының бұрымдылары 3 қола медальға қол жеткізді. Олардың қатарында 65 келіде Айнұр Ақжігітова, 70 келіде Ақбота Қыдырәлі, +77 Нұрила Асанқызы қола алқаны олжалады.

Естеріңізге саламыз, ертеңгі күнгі бәсекеде әйелдер 48, 52, 56, 60 келі салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтаса, ерлер 55, 60, 66, 74 келіде белдеседі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР