2024-04-27 03:10:56
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Қарсыластарынан басым түсті

Қарсыластарынан басым түсті

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының кезекті тур ойындары өтті. Түркістан облысының «Тұран» командасы сырт алаңда «Астанамен» кездесті. Қызықты матчта түркістандықтар алаң иелерінің осал тұсын тауып, 5:2 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Сұлтанов, Какимов, Диалло, Башилов және Таипов гол соғып, командаға үш ұпай сыйлады. Осы жеңістен кейін «Тұран» турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.

Түркістан облысының тағы бір командасы «Арыс» та өте сәтті өнер көрсетуде. Теміржолшылар қаласының жігіттері азулы қарсыластарынан қаймықпай, турнир кестесінде 18 ұпаймен екінші орында келеді. Арыстықтар өз алаңында «Астана-Ж» командасын қабылдап, 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Нұрдәулет, Тұрсынбай және Мәулен бір-бір голдан салды.

Ал Түркістанның «Turkistan» командасы сырт алаңда күтпеген жерден «Хан Тәңірі» командасымен 0:0 есебімен тең түсті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР