2024-07-27 09:11:58
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Президенттік көпсайыстан спартакиада өтті

Президенттік көпсайыстан спартакиада өтті

Түркістан облысы, Кентау қаласында 27-28 шілде күндері аралығында Президенттік көпсайыстан Түркістан облысының аудандық спорт клубы мекемелері қызметкерлері арасында Спартакиада өтті.

Аталмыш Спартакиада 18-23 жас, 24-29 жас, 30-34 жас, +35 және одан жоғары әйелдер және ерлер арасында 100 метрге жүгіру, қашықтыққа секіру, 1000-2000 метрге жүгіруден ұйымдастырылды.

Спорт клубы мекеме қызметкерлері арасында тартысты да қызықты өткен Спартакиадада мекемемізден орын иеленген қызметкерлерді атап айтар болсақ:

18-23 жас аралығында әйелдер арасында

І орынды Субханова Назира Кадирқызы ,

+35 жастан жоғары ерлер арасында

І орынды Налтаев Жексенбай Дусенович иеленді.

Жарыста жеңімпаз болған қызметкерлерді «Жетісай спорт клубы» КММ-нің ұжымының атынан құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР