2024-04-20 15:15:04
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Параканоэдан әлем кубогі сарапқа салынуда

Параканоэдан әлем кубогі сарапқа салынуда

Венгрияның Сегед қаласында параканоэдан әлем кубогін сарапқа салған жарыс өтуде. 11-15 мамыр аралығына жоспарланған сайыста, спортшылар топ жару үшін барын салуда. Дүбірлі додаға әлемнің 23 елінен, 100-ден аса параатлеттер қатысып, өзара бақ сынауда.

Түркістан облысының үш бірдей спортшысы ақтық бәсекеге жолдама алды. Олардың қатарында 200 метр қашықтық KL3 санатында 7-ші орынмен аяқтаған Жалғас Тайкенов,  VL3 санатында 200 метр қашықтықта 7-ші орынды тіркеген Жаныл Балтабаева мен КЛ2 бойынша 200 метр қашықтықта 8 орынды иеленген Бибарыс Спатай бар.

Жазғы Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енген спорт түрі бүгінде дүниежүзі бойынша жоғары дәрежеде дамып келеді. Спортшыларды жарысқа дайындаған  аға жаттықтырушы Геннадий Иванов және жоғары санатты жаттықтырушы Евгений Алексеев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР