2024-07-27 13:11:16
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Отырарда «Өнер – өшпес қазына» атты облыстық семинар-кеңес өтті

Отырарда «Өнер – өшпес қазына» атты облыстық семинар-кеңес өтті

Бүгін Отырар ауданында Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Өнер – өшпес қазына» атты семинар-кеңес өткізді. Семинарды Отырар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімінің басшысы Сағынтай Құттыбай ашып берді. Ары қарай бекітілген бағдарлама бойынша баяндамашылар баяндама оқып, мәдениет қызметкерлері өзара пікір алмасты.

Атап айтқанда, «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету және дамыту» тақырыбында орталықтың Халық шығармашылығын қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Мұрат Жұманов, әКөркемөнер ұжымдарының қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында Сарыағаш ауданы мәдениет үйі директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Шахризада Райымбекова, «Халық театры – ұжымдық өнер» тақырыбында орталықтың мәдени ұйымдастырушы маманы  Зағипа Өмірзақова, «Жастар арасында ұлттық өнерді насихаттайтын көркемөнер ұжымдарының маңыздылығы» тақырыбында Отырар аудандық мәдениет сарайы  директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Дәурен Ақсақалов, «Фестивальдер мен байқаулар ұйымдастыру және дамыту» тақырыбында орталық әдіскері Мадина Даулетова, «Ұлттық шығармашылық жанр жөніндегі көркемөнерпаздар ұжымдары жайлы» тақырыбында орталық маманы Ахат Жеткербаев баяндама жасап, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Шара барысында семинар қатысушылары Арыстан баб кесенесіне зиярат жасап, Мысырда Мәмлүктер  мемлекетінің  негізін  қалаған,  Дешті  Қыпшақ даласының  атақты  перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медаль иегері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», TURAN-QAZAQ суретшілер консолидациясының мүшесі, суретші ақын, сазгер Әділхан Мәліктің көркемсурет көрмесі мен «Отырар халық театрының»  сахналануында Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» спектаклінен үзінді тамашалады.

Көркемөнерпаздар ұжымдарының шығармашылығын дамытуға бағытталған шараны Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров қорытындылап, барлық қатысушыға алғысын білдірді.

Айта кетейік, аталған семинар-кеңес орталықтың бекітілген жоспарына сәйкес, халық шығармашылығының барлық түрі мен көркемөнерпаздар ұжымдарының кәсіби біліктілігін арттыру, мамандардың тәжірибе алмасуы мақсатында ұйымдастырылған. Мәдениет үйі директорларының шығармашылық жөніндегі орынбасарлары мен ұжым жетекшілеріне арналған шараға облысқа қарасты 15 ауданнан қатысты.

Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР