2024-03-29 15:47:47
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Отырарда Әл-Фараби оқуларынан облыстық байқау өтті

Отырарда Әл-Фараби оқуларынан облыстық байқау өтті

Отырар аудандық мәдениет сарайында «Әбу Нәсір әл-Фараби оқулары» атты облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқауға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, өлкетанушы,

Әбу Нәсір әл-Фараби еңбектерін зерттеуші Бейсенбай Бекжан жетекшілік етті.

Байқау үш кезеңнен өтті:

– «Ұлағаты мол ұлы ұстаз» кезеңінде Әбу Нәсір әл-Фарабидің бір трактатын жатқа оқу және бес трактатын жатқа білу;

– «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» кезеңінде Әбу Нәсір әл-Фарабидің бір еңбегіне тоқталу, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізу;

– «Ойлы болсаң, озып көр!» атты кезеңі –  Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру.

Аталған үш кезеңнен 16 үміткер бақ сынасып, Ордабасы ауданынан келген Шұғыла  Ибадулла бас жүлде иегері атанды. Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша Отырар ауданынан Диас Алдаберген жүлделі І орын, Сауран ауданынан Гүлбаршын Оразбек ІІ орын, Төлеби ауданынан Бекнұр Мақұлбек ІІІ орынды иемденді.

Айта кетейік, аталмыш байқаудың мақсаты – ұлы ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фарабидің мұраларын жастарға насихаттау.

 Түркістан облысының мәдениет және
туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР