2024-03-19 08:15:07
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Отырарда Әділхан Мәліктің шығармашылық кеші өтті

Отырарда Әділхан Мәліктің шығармашылық кеші өтті

Өнер мен руханияттың ордасы саналатын киелі Отырар ауданында ақын, сазгер әрі суретші Әділхан Мәлік 60 жасқа толуына орай «Өнерім – өмірім, поэзия – пірім» атты әдеби-сазды рухани өнер кеші өтті.

Шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов қатысып, мерейтой иесіне құрмет көрсетті. Кеш қонақтары алдымен суретші туындыларынан жасақталған көрме мен «Отырар эрмитажы» ғимаратының проектісімен танысты. Сонымен қатар саф өнердің руханият қазынасы саналатын сурет өнерімен саз және қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға бірге сүйреген Әділхан Мәліктің өмірі мен өнері қатар өрілген бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды.

Кеш барысында Қазақстан суретшілері мен дизайнерлер одақтарының мүшесі, халықаралық «Аманат» сыйлығының иегері Кендебай Қарабдалов, Шәуілдір ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жалғасбай Көлбай және Отырар ауданының экс-әкімі Бейбіт Сыздықов он саусағынан өнер тамған азаматтың адамгершілігі мен азаматығы жайында әңгімелерін айтып, ізгі лебіздерін жеткізді.

Әдеби-сазды рухани өнер кешінде Әділхан Мәліктің өлеңдері оқылып, жүрек түкпірінен шыққан сырлы әндері шырқалды. Тұла бойы өнерге тұнған, жүрегі өнер деп соғатын жанның рухани кешіне келген көпшілік ерекше көңіл-күйге бөленіп, рухани ләззат алып қайтты.

Түркістан облысының мәдениет
және туризм басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР