2024-04-26 20:33:43
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Отырар ауданында мәдениет қызметкерлері құрметке бөленді

Отырар ауданында мәдениет қызметкерлері құрметке бөленді

Қазақтың заңғар жазушысы Ғабит Мүсіреповтың «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – ұлт та ұлы бола алмайды» деген сөзі бар. Өйткені ойы сергек, рухани бай тұлғалар көп болса ғана мемлекет дамиды. Бұл ретте мәдениет және өнер қайраткерлері, осы салада еңбек етіп жүрген барлық өнер иелерінің еңбегі ерен.

Кезінде Түркияны басқарған Мұстафа Кемал Ататүрік «Біз бәріміз парламент депутаты бола аламыз, министр бола аламыз, тіпті республика президенті де бола аламыз. Бірақ ешқайсысымыз өнер адамы бола алмаймыз. Осылай болғандықтан да өнер адамы біздің емес, біз өнер адамының қолын сүйеміз» деген екен. Осыдан-ақ мәдениеттің, руханияттың орны айрықша екені аңғарылып тұр.  Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аудандық мәдениет сарайында мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов  50 жылдық тарихы бар Отырар халық театрының негізін қалауға зор үлес қосқан ардагерлер мен мәдениет саласының қызметкерлеріне арнайы алғыс хатын табыстап, құрмет көрсетті.

Ауданымыздың мәдени және рухани әлеуетін арттыруға үлес қосып, еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлері марапаттарыңыз құтты болсын!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР