2024-07-27 11:32:08
34.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ордабасылық әнші Шымкентте өткен байқауда жеңімпаз атанды

Ордабасылық әнші Шымкентте өткен байқауда жеңімпаз атандыШымкент қаласында Қазақстанның Халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «SHAMSHI» қалалық ән байқауы өтті.

Композитордың шығармашылығына арналған байқауға 30-ға жуық үміткерден өтінім түсіп, нәтижесінде 19 әнші үш күн бойы өнер көрсеткен болатын.

Байқау қорытындысы бойынша Ордабасы аудандық мәдениет үйінің әншісі Айдос Сұлтанбек жеңімпаз атанып, марапатталды. Сондай-ақ, «Арай» халықтық вокалды аспаптар ансамблінің синтезатор ойнаушысы Мұхтар Тұрлыбеков «Ең үздік ән өңдеуші» номинациясын иеленді.

Түркістан облысының мәдениет және туризм
басқармасының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР